“Мұнайлы” газетінің редакциясынан: Рахат ҚОСБАРМАҚ 1972 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының Сам құмында дүниеге келген. Сыңғырлау орта мектебін бітіріп, 1989-94 жылдар аралығында Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған. 1994-2002 жж. Маңғыстау облыстық телеарнасында жұмыс жасады. 2006 жылы тәуелсіз «Ар.kz» газетін ашты. Қазіргі таңда осы газеттің бас редакторы. Ғасырлар тоғысында Алла Тағала сыйлаған Азат [...]
Archive for Тамыз, 2009
Рахат ҚОСБАРМАҚ: «Бізді жау санап керегі жоқ»
Posted in Uncategorized, tagged Ар.kz, Ел-жұрт мәселесі, Мұнайлы, журналистика on Тамыз 12, 2009 | 2 пікір »
Арақ
Posted in Uncategorized, tagged Арақ, абырой on Тамыз 6, 2009 | 2 пікір »
«Шөліркеп шарап ішсең, данамен іш, Немесе гүл майысқан баламен іш. Аздап іш, Анда-санда тығылып іш, Мас болмай, мылжың болмай, шамамен іш». (Омар Һайям) «…Кіріседі ағам жаңа күшпенен, Жасардай қазір бір атақты ерлік. Адольф Гитлер арақ ішпеген, Ал содан қандай рахат көрдік?! …Сөйлейді жеңгем; «Түбінде сендер Өз түбіңе өзің жетесіңдер ғой. Бір-екі күндей [...]
Үш жақын
Posted in Uncategorized, tagged "Мұрт" пен "сақал" on Тамыз 6, 2009 | 1 Comment »
Екі жұтыр ағам бар – Елді адастырған надандар. Ақылдан, сірә, кембағал Алды-артын ойлап, бағамдар. Бірі – сақал, бірі – мұрт, Бірі – мақау, бірі – қырт. Жұртта қалған иесіз Жұтыр иттей жүр ұлып. Мансаптан өзге жоқ қайғы, Мал-нәпсі қашан тоқтайды?! «Абыз болам, – деп, – еліне», Аузына келгенді оттайды. Түк көрмеген қос [...]
Өркениеттің адасуы
Posted in Uncategorized, tagged Дінбұзар on Тамыз 6, 2009 | 1 Comment »
Адам-Ата Сафи – Хауа Ананың Ұрпақтары, Уақыттың тап амалын! Мұндар шайтан, Мұратыңа жеттің бе, Қабыл орған кезде Абыл тамағын?! Сайқал малғұн, сақылдап сен күлгенде, Жалбарыну-үнге толды жанарым. Жаратқанның құпиясын іздеумен Тар дүниеде тасқа тиді талабым. Танымымды тариқаттар талқандап, Таусылды ақыр айла менен амалым. Мен түгілі, Ашық күнде алжыды Талай «мықтың» тарс айырып талағын. Дауылпаздай [...]
Біздің ауылдың шалдары
Posted in Uncategorized on Тамыз 6, 2009 | Пікір қалдыру »
«Біздің ауылдың шалдары – Шетінен текті, шешен кіл. Кім сенеді «Алдары – Ақиқат соты» десем бір?! Біздің ауылдың шалдары Жағалай жалтақ боп алған. Бас иесі жоқ балдары Бағытсыз азып, тоналған. Кешегі кемең-герлердің Сарқыты да жоқ, сарқылған. Еңсесін басып ерлердің Арсыз қатындар артылған. Отманға көміп жатырмыз Озық ойларды отандық. Ойран қып бүгін отырмыз, [...]
Шабыттан кейінгі шамырқану немесе Астананың ақындары
Posted in Uncategorized, tagged ақын on Тамыз 6, 2009 | Пікір қалдыру »
«Талантты өлтірудің ең оңай жолы бар: елемей қойсаң, жетіп жатыр». (авторын ұмыттым) Ұлы ақындар ұсақтамай өледі, Қанында өжет қайсарлық бар, себебі. Кейде менің бар қызықтан баз кешіп, Кең дүниені кезіп кеткім келеді. Дәруіштік өмір қандай ғажайып! Диуаналар жайлы өлең жазайық. Таза бұлақ суын ішкен тарландар [...]
Армысың әлем?!
Posted in Uncategorized on Тамыз 6, 2009 | 3 пікір »
Ассалаумағалейкум, жұртшылық! Уақыт бізді қыртысқағаз ғасырдан электронды қойын дәптерде жүздестірді. Ендеше, қош келдіңіздер!